Өз ісінің майталмандары марапатталды

Отан қорғаушылар күні және Ұлы Жеңіс күніне арналған мерекелік құттықтау шаралары өз бастауын алды.

Білім беру жүйесіндегі еңбегі, педагогикалық шеберлігі, жаңартылған білім беру технологияларын дамытудағы шығармашылық табыстары үшін 10 ұстаз облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымының Құрмет грамотасына ие болды. Және 4 ұстазға аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының Алғыс хаты және қаржылай сыйақыларын кәсіподақ ұйымының төрағасы З.Бекетов табыстады.