Кәсіподақ тыл ардагерін құттықтады

Отан қорғаушылар күні және Ұлы Жеңіс күніне арналған мерекелік құттықтау шаралары өз бастауын алды.

Бүгін Әйтеке би ауданындағы Аққұм мектебінің бастауыш кәсіподақ ұйымы өнегелі істерімен кейінгі ұрпаққа үлгі болған еңбек, тыл ардагері, ҚР оқу ісінің үздігі, ауданның құрметті азаматы Айдархан Байниязовты құттықтап, аудандық кәсіподақ ұйымы тарапынан Құрмет грамотасы мен сыйлық табыстады.