Музей қызметкерлері тыл ардагерлерін құттықтады

Ұлы Жеңіс күні мерекесі қарсаңында жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру, еліміздің ерлікке толы тарихын және ардагерлерді құрметтеу мақсатында «Саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенінің кәсіподақ мүшелері Целиноград ауданы, Ақмол ауылында тұратын тыл ардагерлерінің үйіне барып, шын жүректен алғыс білдіріп, мерекелерімен құттықтады. Кәсіподақ мүшелері «Аманат-«АЛЖИР» қоғамдық қорынан тыл ардагерлеріне азық-түлік пакеттерін табыстады.

Соғыстың ауыртпашылығын көрген, тылда қажырлы еңбек еткен ардагерлер Қорлан Айдосова, Валентина Шуленкова және Күлпараш Мұхамеджанова Жеңісті жақындатуға қосқан өз үлестері туралы музей қызметкерлеріне әңгімелеп, ризашылықтарын білдірді.