“Не берсең де балаларға бер, бала үшін жаса”, – деген халқымыздың игі дәстүрін 6 мамыр күні “Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы” қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облыстық филиалы бастады.
Осы салаға қарасты 200-ге жуық жалғызбасты аналарға, көп балалы отбасылар мен жас отбасыларына азық-түлік корзиналары жасақталып табыстау басталды.