«SENIM» Ақтөбе облыстық филиалы Ұлы Отан соғысы ардагерлерін, тыл еңбеккерлерін Ұлы Жеңіс күнімен құттықтады

9 мамыр – Ұлы Жеңіс күні тарих төрінен орын алатын ұлы мереке. Міне, “Біз жеңдік!” деп сүйіншілеген күнге де 76 жыл толып отыр.

Бұл мереке – соңғы демі қалғанша күрескен жанқиярлық ерліктің, халқымыздың даңқының жарқын көрінісі. Бүгінгі Тәуелсіздік -тұғырының берік, еліміздің өркендеуі мен бірліктің бұзылмас қамалы – осынау ардагерлердің және тыл еңбеккерлерінің ерлігі.

Біздің парызымыз – алапат соғыстағы жеңістің бізге қалай келгенін ұғыну, қаза тапқандарды қадір тұтып, арамызда жүрген ардагерлерге, тыл еңбеккерлеріне ұдайы қамқорлық көрсету.

Ұлы Жеңіс күні – бұл жыл сайынғы аталып өтетін мейрамның ерекше және құрметтi орны бар. Бүгінде қатары сиреп қалған майдангерлерге деген құрмет ерекше. Кешегі тарихын ұмытпаған елдің ғана болашағы жарқын болады. Бүгінгі бейбіт күнге жеткізген майдангерлеріміздің ерлігі ешқашан ұмытылмайды.

«SENIM» Ақтөбе облыстық филиалынан өз тарапынан 50 адамға, оның ішінде соғыс ардегерлері, жалғызбасты зейнеткерлермен мүгедектер, сонымен қатар тыл еңбеккерлеріне және ауған ардагерлеріне 305000 теңге қаражат бөлінді. Кәсіподақ мүшелерінің еріктілері ардагерлерге Алғыс хат табыстады, азық-түлік пакетімен әр отбасына жеткізді.

Өз кезегінде майдан даласынан аман оралған ардагерлер, сондай-ақ, тылда еңбек еткен қариялар: Ворожейкин Алексей Григорьевич, Карасева Татьяна Тихоновна, Ажгереева Балзия Кобдабаевна, Голополосова Клавдия Васильевна, Мартынова Нина Павловна, Жолдасов Кадырбай Жолдасович, Игнатьева Екатерина Трофимовна, Шкуренко Лидия Консиантиновна және ауған жауынгерлері Байменов Айтжан Мусрепович, Сактаганов Камаладин Даутбаевич, Бекетов Бисен Кубайдулинович «SENIM» Ақтөбе облыстық филиалына қолдау көрсеткені үшін ризашылықтарын білдіріп, олардың еңбектеріне табыс тіледі.

Сонымен қатар, Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің КЕАҚ кәсіподақ ұйымы өз тарапынан 34 соғыс ардегерлеріне, жалғызбасты зейнеткерлер мен мүгедектерге, сондай-ақ тыл еңбеккерлеріне 1 000 000 теңге көлемінде қаражат бөліп, азық-түлік пакетімен 10 000 теңге сомасында қаражат Сертификатын табыстады. Оған қоса, аудандық ауруханалар, бастауыш кәсіподақ ұйымдары 115 жалғыз басты зейнеткерлермен мүгедектерге, сонымен қатар тыл еңбеккерлеріне 1 350 000 теңге көлемінде қаражат бөліп, азық-түлік пакетін жеткізді.