Ұлы Жеңіс тағлымы

«Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы” қоғамдық бірлестігінің Қостанай облыстық филиалының мүшелері мен олардың балалары Ұлы Отан соғысында ерлік жасап, бейбіт өмірді бізге сыйлаған аға буыны мен аталары, әжелерінің суреттерін қолдарына ұстап, Қостанай облыстық орыс драма театрында өткен «Мәңгілік полк» шарасының қатысушылары болды.

Балалардың назарына «Звезда моего деда» қойылымы ұсынылды. Сонымен бірге көрермендерге «Вечно живые» атты қойылым көрсетілді. Екі туындыны тамашалаған көрермендер зор әсер алып, көз жастарын тыйа алмады. Ерлік пен жігерді, қайсарлық пен отанға деген сүйіспеншілікті, сұрапыл соғыста жауды талқандап, ерекше жаужүректікті көрсете алған теарт әртістері көрермендердің қошеметіне бөленді.

Ешкім де ұмытылған жоқ, еш нәрсе де ұмыт қалған жоқ.