Ұлы Жеңістің 76 жылдығына орай Нұр-Сұлтан қаласының “Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Есімдерін еске алайық!» акциясын іске қосты. Бұл жобада жеңісті жақындатқан майдангерлердің жүздеген фотосуреттері жарияланған.
«Біз сұрапыл соғыста жанқиярлықпен ерлік көрсеткен, Отанымыздың бостандығы мен тәуелсіздігін қорғаған жауынгерлерге құрмет көрсетіп, тағзым етеміз. Жобада елге жеңіспен оралған, майдан шебінде қаза тапқан немесе хабар-ошарсыз кеткен қазақстандықтарды көрсеткіміз келеді. Ұлы Отан соғысындағы қазақ халқының ерлігін дәріптеу және болашақ ұрпаққа жеткізу – біздің қасиетті парызымыз», – дейді кітапхананың бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Шынар Үстенбекова.