Еңбек адамының құқықтары мен мүдделерін қорғау – өзекті мәселе

Бүгінгі күні Қостанай өңірінде Еңбек адамының лайықты өмірін қамтамасыз етуде «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және халыққа қызмет көрсету саласы қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» ҚБ Қостанай облыстық филиалының атқарып жатқан еңбегі мол.

«Қызмет» салалық кәсіподағы денсаулық сақтауды жақсарту, профилактика, медициналық қызмет көрсету, спорттық-сауықтыру қызметтері, ойын-сауық және бос уақытты ұйымдастыру, көлік жөндеу, шипажайлық қызмет, балалар және спорт, даму саласында облыс тұрғындарына қоғамдық және әлеуметтік қызмет көрсететін кәсіпорындармен және ұйымдармен тығыз ынтымақтастық жасауда. Осы салаларда өз қызметін жүзеге асырушы ұйымдар әлеуметтік әріптес ретінде «Қызмет» салалық кәсіподағы мүшелеріне 5-50% аралығында жеңілдік беруде.

Бұл жеңілдіктер еңбек адамының лайықты өмірін қамтамасыз еитудегі бірден бір шара болып табылады және келесі мақсаттардың орындалуын қамтамасыз етеді:
 кәсіподақ мүшелерін әлеуметтік қолдау;
 әлеуметтік тұрақтылықты сақтау;
 бағаның өсуі жағдайындағы әлеуметтік шиеленісті төмендету;
 кәсіподақ мүшелері үшін ақша үнемдеу;
 кәсіподақ мүшелігінің мотивациясын сақтау.

Облыстық филиалдың әріптестер қатары кеңейтіліп, қызмет сапасы да жоғарлауда. Аталған жеңілдіктер кәсіподақ атқарып жатқан жұмыстың тартымдылығын, қоғамда кәсіподақ қызметінің оң имиджі қалыптасуына септігін тигізуде.

Асет Досекенов, «Қызмет» салалық кәсіподағы төрағасы айтуынша, алдағы уақытта кәсіподақ мүшелерін жаңа бағыттағы жеңілдіктермен қуантуға жұмыс жасалынып жатыр.
Ірі әлеуметтік әріптестер қатарында: І.Омаров атындағы қазақ драма т еатры, «Қазақстан» кинотеатры, «12 месяцев» құрылыс дүкені, «Sparta» фитнес – клубы, «Сапсан» автожуу, «Джайляу» және «Сосновый бор» шипажайлары және тағы басқалар.