Кәсіподақ өкілдері Халықаралық медбике күнімен құттықтады

12 мамырда медбикелерді “Еуразия Медициналық орталығы” АҚ Халықаралық медбике күнімен Павлодар облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрайымы Д. Н. Айтжанова, “Казпрофметалл “тау-кен металлургия салалық кәсіптік одағы” ҚБ төрағасының орынбасары Р.Ж. Даумова, “Қазхром” ТҰК АҚ Ақсу ферроқорытпа зауытының бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Н. А. Сухотерин құттықтады.

Ақсу ферроқорытпа зауыты жұмысшыларының денсаулығына қамқорлық жасау мақсатында “Қазхром” ТҰК АҚ медициналық қызмет көрсетуді “Еуразия Медициналық орталығы”АҚ жүргізеді.

“Еуразия Медициналық орталығы” АҚ-да диагностикалау және емдеу, сауықтыру және оңалту емшараларын қабылдау үшін медициналық қызметтердің толық кешені құрылды.

Қызметкерлердің денсаулығын қалпына келтірудегі тәулік бойғы ерекше кәсіби миссияны жауапкершілігі, сауаттылығы және жанашыр жүректері бар “Еуразия Медициналық орталығы” АҚ медбикелері орындайды.
“Барлық уақытта медбике жарықтың, мейірімділіктің және сауығуға деген үміттің символы болып табылады.

Осы мереке күні кәсіподақ бірлестіктері “Евразия” Медициналық орталығының медбикелерін дәрігерлермен қатар өндіріс қызметкерлерінің денсаулығын қалпына келтіру және оңалту міндетін абыроймен атқарып келе жатқан, кәсіби табыс, денсаулық және амандық тілейтін медбикелерді құттықтайды!”- деп Д. Н. Айтжанова құттықтады.

Кәсіби жетістіктері мен шеберлігінің жоғары деңгейі үшін үздік медбикелер алғыс хаттармен марапатталды.
“Еңбек ұжымдары мен кәсіподақ қоғамдық бірлестіктері атынан металлургиялық өндіріс қызметкерлерін сауықтыру, жанашырлық пен қамқорлық жасау, сауығу қуанышын сыйлау жұмыстары үшін алғыс айтамыз!”- деді Р. Ж. Даумова.