Зұлмат соғыс жылдарында тылда еңбек етіп, Жеңіс күнін жақындатуға үлес қосқан ардагерлерді ұлықтау – ұрпақ борышы. Мереке қарсаңында Шалқар аудандық білім бөлімінің басшысы А.Абдыков пен аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төрайымы Г.Құлекенова білім саласында қажырлы еңбек еткен тыл ардагерлері Кәмпит Жағалова, Мақбал Карина, Бижамал Жақсымбетова және Бөпей Көрпебаеваны құттықтап, сый-құрмет көрсетті.
Аға ұрпақ алып берген Жеңіс бүгінгі күні де бізді жетістіктерге жігерлендіреді, жанымызға қуат береді, қиындықтарды жеңіп, алға ұмтылуымызға көмектеседі. Мереке қарсаңында Ойыл аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төрайымы Г.Избагамбетова мен білім бөлімінің басшысы С.Меруенов ардагер ұстаздар, тыл ардагерлері Жолдыбай Оразов пен Рухан Алманиязованы құттықтап, сый-сияпат табыс етті.