“Мейірім” қайырымдылық акциясы жалғасуда

Жақсылық жасау – имандылықтың, тәрбиеліктің, парасаттылықтың айқын көрінісі.

“Не берсең де, балаларға бер, бала үшін жаса” – деген халқымыздың игі дәстүрін негізге ала отырып, “Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы” қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облыстық филиалы кәсіподақтың “Мейірім” акциясын өткізді.

Осы салаға қарасты 200-ге жуық жалғыз басты аналарға, көпбалалы отбастары мен жас отбасыларына азық-түлік корзиналары жасақталып, табыс етілді. Акция мамыр айының 5 мен 12 аралығында жүзеге асырылды.