Өз ағашыңды отырғыз!

Елорда тұрғындары атмосфералық ауаны қорғау үшін “Бірге – таза Қазақстан” экологиялық айлығы аясында өтіп жатқан «Өз ағашыңды отырғыз» атты челленджді бастады. Басты мақсат – жасыл кеңістікті сақтау мен жақсартуға қоғамның ерекше назарын аудару. Акцияға Нұрлы жол вокзалы кешенінің кәсіподақ мүшелері де өз үлестерін қосуда.

«Табиғат – біздің ортақ үйіміз. Табиғатты сақтау және қорғау әр адамның міндеті. Бір ағаш жылына ауаны 27 кг ластанудан тазарта алатыны белгілі. Нұрлы жол вокзал кешенінің қызметкерлері алма, аққайың ағаштарын отырғызды. Осы аптада қызметкерлер ауысым бойынша тал егуді жалғастырады.

 

Біздің экожүйелер қаншалықты таза болған сайын, планета мен оның тұрғындарының дені сау болады»,- дейді бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Бейімбет Ұлазбек.