«Астана қалалық жарық» ЖШС бастауыш кәсіподақ ұйымы «Құрылыс кешені және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» “Астана” қалалық филиалының құрамына кіреді.
Жомарт Мұқанова “Астана қалалық жарық” ЖШС бастауыш кәсіподақ ұйымының негізгі жұмысынан босатылмаған төрағасы. Кәсіподақ комитеті төрағасының, кәсіподақ активінің қажырлы еңбегінің, сондай-ақ кәсіпорын әкімшілігінің қолдауының арқасында ұжымда көңіл-күй бірлігі қалыптасқан. Бұл сөзсіз қаланың тыныс-тіршілігінің маңызды салаларының бірі – елорда көшелері мен саябақтарын жарықтандыру қызметінде туындайтын ең күрделі мәселелерді шешуге, бірлесіп әрекет етуге ықпал етеді.
Бір жылдан астам уақыт бұрын біздің елімізде қауіпті індетке байланысты төтенше жағдай жарияланды. Қиындықтарға қарамастан, “Астана қалалық жарық” ұжымы ұйымшылдықпен жұмыстарын жалғастырды. Бұл ретте бастауыш кәсіподақ ұйымының қолдауы да маңызды рөл атқарды. Пандемиямен күрестің алғашқы кезеңдерінде, жеке қорғаныс құралдарын сатып алуға жеткілікті қаражат болмаған кезде, бастауыш кәсіподақ ұйымы бетперделер, антисептиктер сатып алуға қаражат бөлді, сондай-ақ азық-түлік жиынтықтарын, ақшалай қаражаттарды бөлу арқылы қайырымдылық көмек көрсетті.
Кәсіподақ мүшелерін қорғаудың негізгі шарты – ұжымдық шарттың, салалық келісімнің талаптарын орындау кәсіпорындағы кәсіподақтың өз мәртебесін жүзеге асыра алатын және нығайта алатын негізгі механизмі. Ұжымдық шарт жасасу жұмыс беруші мен кәсіпорын ұжымы арасындағы өзара қарым-қатынасты реттеуге мүмкіндік береді. “Кәсіподақтар өз мүшелеріне назар аударып, олардың мүдделерін ескеріп, әрекет етуі керек. “Астана қалалық жарық” ЖШС кәсіподақ комитеті әлеуметтік әріптестікті нығайтуға, еңбек қатынастары мәселелерін шешуге, еңбек заңнамасын сақтауға көп күш жұмсайды”,- дейді кәсіподақ төрағасы Жомарт Мұқанова.