Білім саласындағы еңбекті қорғау жөніндегі үздік техникалық инспекторлар анықталды

Жыл сайын өткізілетін «Нұр-Сұлтан қаласының «Әділет» білім беру қызметкерлері кәсіподағының еңбекті қорғау жөніндегі үздік техникалық инспекторы» қалалық байқауы қорытындыланып, жеңімпаздар мен қатысушылар марапатталды.

Байқаудың мақсаты — еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі ішкі бақылауды жүзеге асыру тиімділігін арттыру, жұмыс берушілердің білім беру ұйымдарында қызметкерлердің қауіпсіз еңбек жағдайларына заңды құқықтары мен мүдделерін қадағалау, өндірістік жарақаттану мен кәсіптік ауруларды төмендету, техникалық инспекторлар қызметін жетілдіру мен ынталандыру.

Байқау комиссиясының шешімі бойынша I орынды «Astana polytechnic» жоғары колледжінің» техникалық қауіпсіздік жөніндегі инспекторы В. Глущенко, II орынды № 48 мектеп-лицейінің техникалық қауіпсіздік жөніндегі инспекторы О.Асқарова, III орынды №30 «Қайнар» балабақшасының техникалық қауіпсіздік жөніндегі инспекторы Ә.Алшынбаева иеленді.

Байқаудың барлық номинанттары «Нұр-Сұлтан қаласының «Әділет» білім беру қызметкерлері кәсіподағының еңбекті қорғау жөніндегі үздік техникалық инспекторы» атағына ие болды.