Еңбекті қорғау бойынша оқыту жүргізілді

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы мен «Алтын Еңбек» оқыту-эксперттік орталығы ынтымақтастығы шеңберінде «Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру және есепке алу» тақырыбында онлайн вебинар өтті. Оған республика бойынша әріптестермен қатар түрлі салалардан Қызылордалық 68 кәсіподақ белсенділері, ұйымдардағы өндірістік кеңес мүшелері, техникалық инспекторлар қатысты.

Вебинар барысында еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тергеп-тексерудің жалпы ережелері, тергеп-тексеру кезіндегі жұмыс берушінің міндеттері, комиссияны құру тәртібі және оның құрамы сынды заң нормалары түсіндірілді. Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру тәртібі жан-жақты талданды.

Еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі бойынша оқытулар, бұл салада мамандардың, кәсіподақ белсенділерінің білімін жетілдіру кәсіподақтардың тұрақты назарында.