“Дәрігерлерді ардақтайық” акциясы ұйымдастырылды

Халықаралық медбикелер күніне орай Темір аудандық білім беру қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы “Дәрігерлерді ардақтайық” атты акция ұйымдастырды.

Шара аясында ұлт саулығы жолындағы зор еңбегі мен қызметі үшін білім беру мекемелерінің медбикелеріне аудандық білім бөлімі мен аудандық кәсіподақ ұйымының Алғыс хаты және кәсіподақ ұйымы атынан қаржылай қолдау көрсетілді.