Қостанай облысы Арқалық қаласына арнайы іс-сапармен келген «Қостанай облысы бойынша ауыл шаруашылық саласы қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы» ҚБ төрайымы Зәуре Жұмабекова министрліктің марапатын жеткізді.
Зейнет жасына толған Арқалық қалалық ветеринарлық станциясының басшысы Батырхан Гайсинге Қазақстан Республикасы ауылшаруашылығы министрлігі жанындағы Ардагерлер ұйымының төсбелгісі табысталды.
Марапатты салтанатты түрде қала әкімі Әмірхан Асанов табыс етті, ауыл ашруашылығы саласындағы ерен еңбегі үшін алғысын айтып, қазақы дәстүрмен иығына шапан жапты.
Батырхан Әнуарұлы ауыл шаруашылық және ветеринария саласында табан аудармай 43 жылдан бері табысты еңбек етіп келеді.
Алғыр да парасатты, білімді, жаңашылдыққа бейім жастар үшін Батырхан Ғайсин аға буын ретінде білгенін айтып, көмектнесуде.
Одан бөлек, ауыл шаруашылық және ветеренария саласында нәтижелі еңбегімен танылған тағы бірқатар басшы, қызметкерлерге Қостанай облысы бойынша ауыл шаруашылық саласы кәсіподақ ұйымының Құрмет грамотасы салтанатты түрде табыс етілді.