Елордалық Кәсіподақтар орталығының өкілдері мемлекеттік «Еңбек» бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылып отырған «Бастау Бизнес» жобасының іріктеу құрамына мүшелік етеді. Аталған бағдарлама жұмыссыз жүрген азаматтарға, сондай-ақ жаңадан бастап жатқан кәсіпкерлерге үлкен мүмкіндік береді.
Жобаға қатысу үшін жұмыспен қамту орталығынан жолдама алып, кәсіптік оқытудан өтеді. Қатысушы жобаны іріктеу кезеңінде өзінің бизнес-жобасын қорғап шықса 200 АЕК көлемінде қайтарымсыз грант алады.
Жыл басынан бері елордада «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне 500-ден астам адам оқытуға жіберілді. Сонымен қатар, 162 қатысушының бизнес-жобалары қаралып, оның 78-і мақұлданды.