2021-2023 жылдарға арналған Қостанай облысының әкімдігі, жұмысшылардың облыстық қауымдастығы және жұмыс берушілер қауымдастығы арасындағы Өңірлік келісімнің ережелерін орындау, Облыстық үшжақты комиссияның 2021 жылға арналған әлеуметтік серіктестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу туралы Жұмыс жоспарын жүзеге асыру және өндірістік жарақаттар, кәсіптік аурулар, өндірістегі қайғылы оқиғалардың деңгейін төмендету және еңбек жағдайларын жақсарту мақсатында «Қостанай облысының кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің бастамасымен Қостанай облысында 2021-2023 жылдарға арналған еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі «ҚАУІПСІЗ ЕҢБЕК» бағдарламасына 2021 жылы 19 мамырда қол қою рәсімі үш тараптың қатысуымен өтті: «Қостанай облысының кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрайымы Ирина Аронова, «Қостанай облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» ММ басшысы Ержан Токтагулов және «Қостанай облысындағы кәсіпкерлік қызметіне жәрдем беру қауымдастығы» ЗТБ директоры Валентина Шмонина.
Өзінің кіріспе сөзінде Ирина Аронова әлеуметтік серіктестердің белсенді қатысуымен Еңбек адамының қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету, өмірін және денсаулығын сақтау, бағдарламаның барлық тармақтарын тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін бұл құжаттың маңыздылығын тағы да атап өтті.
Басқарма басшысы Ержан Тоқтағұлов еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік органның қызметі, Қостанай облысының кәсіпорындарында жүргізілетін алдын-алу шаралары туралы айтты. “Қауіпсіз еңбек” бағдарламасын іске асыру бастамасын қолдай отырып, мемлекеттік орган өз кезегінде еңбек жағдайларына бақылау жасау мен жақсарту, одан әрі сараптамалық, мониторингтік және ауқымды ақпараттық жұмыстарды жалғастыру бойынша жұмысты күшейтуге ниетті.
Валентина Шмонина, Қостанай облысының жұмыс берушілерінің атынан бұл бағдарламаның маңыздылығын, осы құжатта көрсетілген барлық міндеттемелерді орындауға дайын екендігін атап өтті.
Мемлекеттік орган, жұмыс берушілердің өкілдері мен қызметкерлердің бейнесінде әлеуметтік серіктестердің бірлескен күштерін біріктіру арқылы ұйымдардың меншік түріне қарамастан қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын сақтаудың әлеуметтік қажеттілігі мен маңыздылығы көрсетілген.