21 мамырда Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күні мерекеленеді. Осы атаулы мереке қарсаңында ҚР Мәдениет, өнер және ақпарат саласы қызметкерлерінің Салалық кәсіподағының Ақтөбе филиалының төрайымы Назира Табылдинова, қалалық мәдениет бөлімінің басшысы Әсел Бөлекова, «Нұр Отан» партиясы Ақтөбе қалалық филиалы төрағасының орынбасары Нұрлыбек Жүсіпов және қалалық мәслихат депутаттары Құрайлы селолық мәдениет үйінде мерекелік шараға қатысты.
Бір топ мәдениет қызметкерлеріне қала әкімі Асхат Шахаровтың алғыс хаты және Салалық кәсіподақ төрайымы С.Иманқұлованың атынан қалалық мәдениет үйі мен қалалық кітапхана, Сазды және Құрайлы мәдениет үйінің қызметкерлеріне, яғни төрт адамға алғыс хат пен сыйлықтар табыс етілді. Мерекелік шара жоғары деңгейде ұйымдастырылған.
Мәдениет пен өнер саласы қызметкерлерінің еңбегі зор. Олар еліміздің дәстүрі мен өнерін, рухани құндылығын насихаттап, еліміздің дамуына өз үлестерін қосып келеді.