Тыл ардагерлерін құттықтады

Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық саласы қызметкерлері Шымкент қалалық кәсіподағының қызметкерлері «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-і ұжымымен бірге мекемеден зейнеткерлікке шыққан «Тыл ардагерлерін» Ұлы Жеңістің 76 жылдығымен құттықтады. Зейнеткерлікке шыққан ардагерлердің 5-і – «Тыл ардагерлері».

Еліміздегі қазіргі карантин жағдайына байланысты, ардагерлердің үйлеріне барып, жағдайларын біліп, азық-түлік себеттерін табыстап, әр ардагерге 2021 жылға пайдаланатын суын төлеп беру үшін 30 мың теңге қаржылай көмек берілді.