Бастауыш кәсіподақ ұйымы ашылды

2021 жылдың 7 сәуірінде Түркістан облысы Түлкібас аудандық «Тұраркент-су» МКК-да бастауыш кәсіподақ ұйымы ашылды. Мекемеде 11 адам жұмыс жасайды және түгелдей кәсіподақ мүшелігіне кіреді . Ұжымда өткен жиында бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы болып Жаңабай Байбатшаев сайланды.

Түлкібас аудандық «Тұраркент-су» МКК бастауыш кәсіподақ ұйымы «Құрылыс кешені және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласы» қызметкерлерінің салалық кәсіподағының Түркістан облыстық филиалының төрағасы Абдурайра Манахов төрағалық ететін құрылыс кешені салалық кәсіподағы құрамына кірді.

«Құрылыс кешені және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласы» қызметкерлерінің салалық кәсіподағының Түркістан облыстық филиалының төрағасы Абдурайра Манахов мен Түлкібас аудандық «Тұраркент-су» МКК бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Жаңабай Байбатшаев екеуі өзара келісім-шартқа қол қойды.