Мәдениет және өнер саласы қызметкерлері марапатталды

Ақтөбеде Мәдениет және өнер саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі ерекше аталып өтті.Өнер орталығында барлық санитарық талаптар сақталған салтанатты шарада Ақтөбе облысы әкімінің орынбасаы Бұлбұл Елеусинова мен ҚР Мәдениет, спорт және туризм Салалық кәсіпподағы Ақтөбе филилалының төрайымы Назира табылдинова мен танымал ардагер азаматтар Еркін Құрманбеков,Нұрлыбек Қалауов, Мағзұм Бақытжановтар 9 адамға марапат табыс етті.

Атап айтсақ, ұзақ жылдарғыжемісті еңбегі мен ел дамуына қосқан үлестері үшін Кәісподақтың әлеуметтік әріптесері мен бастауы ұйым мүшелері де алғыс хат, құрмет грамоталарымен марапатталды.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Құрмет грамотасмыен Темір аудандық мәдениет үйінің директоры Гүлзира Қалиева, “ Еңбек даңқы ”кәсіподақ төс белгісімен Байғанин аудандық мәдениет үйінің директоры Гүлжан Кунаева, Салалық кәсіподақтын құрмет грамотасымен С. Бәйішев атындағы кітапхана қызметкері Зарина Сузакова, Ыргыз ауданының”Мәні” Мәдениет үйінің қызметкері Гүлжанат Махмутова,Алға аудандық кітапхана қызметкері Гүлжан Имангужиева, Шангереева Аккибат -Темір аудандық музей қызметкері Ақкибат Шангереева , ағайынды Жұбановтар музей қызметкері Инара Құдабаева, Мәртөк аудандық Мәдениет үйінің қызметкері Бибігүл Айтпаева және Ойыл аудандық Мәдениет үйінің қызметкері Боранбай Ешпанов марпатталды.

«Мәдениет саласы қызметкерлерінің мерейін өсірген, олардың қоғам дамуына, рухани жаңаруға қосқан ұзақ жылдарғы маңдай терлері ескерусіз қалған жоқ.Біз өз тарапымыздын еңбегімен ерекшеленіп жүрген азаматтарға құрмет көрсетіп, оларды кейінге жастарға үлгі етеміз»-, деп атап өтті шараны ұйымдастырушылар.
Салтанатты жиын соңы мерекелік концертке ұласты.