Бастауыш кәсіподақ ұйымының ұжымымен кездесу өтті

Құрылыс кешені және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласы қызметкерлерінің салалық кәсіподағының Шымкент қалалық филиалының ұйымдастыруымен “Қалың қалай бастауыш ұйым?” акциясы аясында “Жасыл белдеу” мекемесінің бастауыш кәсіподақ ұйымында кездесу өтті.

Кездесу барысында “Жасыл белдеу” бастауыш ұйымында қауіпсіздік мәселелері жөнінде еңбекті қорғау мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларын жүзеге асыру бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Басшылық пен қызметкерлердің бірлескен іс-қимылдарының нәтижесінде, мекемеде жарақаттанушылықты нөлдік деңгейге жеткізуге және апаттық жағдайларды тіптен болдырмауға талпынады әрі қауіпсіздікті өзінің өнеркәсіптік қызметінің ажырамас бөлігі ретінде қарастырады.

Мұндай жүйелі көзқарастың мақсаты, бірінші кезекте, әлемдік тәжірибелерді ескере отырып, еңбек қауіпсіздігінің стандарттарын қайта қарау, қызметкерлер құрамын оқыту және жұмыс істеу үшін қауіпсіз еңбек жағдайларын құру арқылы да қол жеткізіледі. Кәсіпорынның техникалық жағынан қайта жарақталуына баса назар аударылып келеді. Қауіпсіздіктің қамтамасыз етілуінің және жұмыскерлердің денсаулығы үшін қамқорлықтың мекеме үшін маңыздылығы бірінші дәрежеде.

Мамыр айында Техника қауіпсіздігі және еңбекті қорғаудың басшысы Аймаханов Мәліктің ұйымдастырумен Техника қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, техникалық және санитарлық-гигиеналық қауіпсіздікті сақтауы, жалпы жұмыс орнындағы қауіпсіздік талаптарын орындауға жауапкершілікпен қарау мәселелері бойынша оқыту сабақтары өткен болатын.