«Халық бюджеті» кәсіподақ жобасы туралы ереже

Жалпы ережелер

  1. «Халық бюджеті» кәсіподақ жобасы туралы осы ереже (бұдан әрі – Ереже) кәсіподақ мүшелері, бастауыш кәсіподақ мүшелері бастамашы болған және жүзеге асыруға Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы (бұдан әрі – Федерация) бюджетінен субсидиялар бөлінген қоғам мүддесін көрсететін кәсіподақ жобаларын ұсыну, бағалау, сараптау, жүзеге асыру және бақылау тәртібін белгілейді.
  2. Кәсіподақ жобасының мақсаты – Федерацияның қолдауына ие болатын кәсіподақ мүшелерінің бастамаларын анықтау, шешім қабылдау процесіне кәсіподақ мүшелерін тарту арқылы кәсіподақ қорларын пайдалану тиімділігін арттыру, кәсіподақ бастамаларын қолдау және бастауыш кәсіподақ ұйымдарымен өзара байланысты жақсарту болып табылады.
  3. Кәсіподақ жобасының міндеттері:

– Кәсіподақтар федерациясының 2020-2025 жылдарға арналған «Әділеттілік пен дамуға – бірлікте» стратегиясын сапалы жүзеге асыру;

– Федерация бюджетінің ашықтығын, айқындылығын, бюджет шығыстарының тиімділігін арттыру;

– шешімдерді әзірлеуге және олардың орындалу барысын бақылауға, Федерация бюджетінен қаражат бөлінуіне кәсіподақ мүшелерінің қатысуын өзектендіру;

– жарғылық міндеттерді шешу үшін қоғамдық талқылаудың инновациялық формаларын, кәсіподақ мүшелері мен алқалы органдардың өзара байланыс механизмін дамыту;

– кәсіподақ мүшелерінің сайланбалы кәсіподақ органдарына деген сенім деңгейін арттыру;

– жаңа идеяларды жүзеге асыру.

  1. Осы кәсіподақ жобасын жүзеге асыру үшін жыл сайын Федерация бюджетінен кем дегенде 1 000 000 (бір миллион) теңге мөлшерінде субсидия қарастырылады.

 

Кәсіподақ жобасының тақырыбы

  1. Кәсіподақ жобаларының басым бағыттарының тақырыптары:

– жұмысшы мамандықтарының беделін көтеру, жұмысшы мамандықтарына қызығушылықты дамыту;

– кәсіпорын, ұйым деңгейінде жұмысшылардың әлеуметтік және еңбек құқықтарын қорғау;

– кәсіпорын деңгейінде әлеуметтік әріптестікті нығайту және дамыту;

– қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз ету;

– лайықты еңбекақыны қамтамасыз ету;

– кәсіподақ мүшелерінің құқықтық сауаттылығын арттыру;

– бастауыш кәсіподақ ұйымдарының ақпараттық жұмысы;

– кәсіподақ қозғалысының сипаты, беделі мен имиджінің деңгейін арттыру;

– кәсіподақ комитетінің жұмысын ұйымдастыру;

– бастауыш кәсіподақ ұйымдарының жұмысын әдістемелік қамтамасыз ету;

– Кәсіподақтар федерациясының 2020-2025 жылдарға арналған «Әділеттілік пен дамуға – бірлікте» стратегиясын жүзеге асыру аясында өзге де тақырыптар.

  1. Бастамашыл топ бір немесе бірнеше жобалық ұсыныстар жібере алады.
  2. Қаржыландыруға ұсынылған және мақұлданған барлық жобалық ұсыныстар Федерацияның ресми сайтында жарияланады.

 

Комиссия жұмысын ұйымдастыру

  1. Кәсіподақтардың «Халық бюджеті» жобасын сараптауды, басқаруды және іске асырылуын бақылауды мүше ұйымдардың өкілдері қатарынан кемінде 7 адамнан тұратын Федерация құрған Сараптама комиссиясы (бұдан әрі – Комиссия) жүзеге асырады.
  2. Комиссияның жеке құрамы салалық кәсіподақтардың ұсыныстары бойынша құрылады және Федерация Төрағасымен бекітіледі.
  3. Комиссияның жұмыс органы Федерацияның ұйымдастыру және бақылау жұмысы департаменті болып табылады.
  4. Комиссия келесі функцияларды жүзеге асырады:

– жұмыс жоспарына сәйкес, жобалық ұсыныстарды қарауды қамтамасыз етеді және Федерация қолдау көрсету үшін кәсіподақ жобаларын сараптайды;

– бастамашыл топтардан жобалық ұсыныстар туралы қосымша ақпарат сұрауға, қорытынды беру және жобалық ұсыныстарды бағалау үшін сарапшыларды тартуға, қажет болған жағдайда оларды қайта қарау бойынша ұсыныстар беруге құқылы;

– конкурстық комиссияның төрағасы қол қоятын үш күн ішінде кәсіподақ жобасының, қаржыландырудың жалпы құнын қоса алғанда, кәсіподақ жобаларын іріктеу нәтижелерін хаттамаға белгілейді;

– Федерацияның ресми сайтына кәсіподақ жобаларын іріктеу нәтижелері туралы ақпарат жібереді;

– «Халық бюджеті» кәсіподақ жобасы қаржыландыратын жобалық ұсыныстардың іске асырылу барысын бақылайды, оның ішінде бастамашыл топтардың жетекшілерінің, кәсіподақ ұйымдарының лауазымды өкілдерінің жобалық ұсыныстарды іске асыру туралы есептерін тыңдайды;

– кәсіподақ жобасын жүзеге асырудың нәтижелерін шығарады;

– қаражаттандыру мөлшерін өзгертуге (кәсіподақ жобасы бастамашысының келісімімен) құқылы.

  1. Комиссия төрағасы байқау комиссиясының мүшелерімен сайланады.
  2. Комиссияның шешімдері ашық дауыс беру арқылы, көпшілік дауыспен, егер жиналымның кемінде 2/3 бөлігі болған жағдайда қабылданады.
  3. Комиссия шешімдері соңғы болып табылады және қайта қарауға жатпайды.
  4. Комиссия шешімі жазбаша түрде ресімделеді, оған барлық мүшелер қол қояды және Федерация бюджетінен қаржыландыруға кәсіподақ жобаларын бекіту туралы шешім болуы (жобаның атауы мен авторлары, сондай-ақ қаржыландыру мөлшері көрсетілуі) тиіс.
  5. Комиссияның қаржыландыруға мақұлданған жобалық ұсыныстарды бекіту туралы шешімдері 30 наурыздан кешіктірілмей Федерацияның ресми сайтында және газетінде жарияланады.
  6. Бекітілген кәсіподақ жобаларының бастамашыларына Федерация бюджетінен жүзеге асыру үшін қаржыландырылу мен дипломдар беріледі.

 

Жобалық ұсыныстарды ұсыну

  1. Кәсіподақтардың, бастауыш кәсіподақ ұйымдарының, бастамашыл топтардың, жастар кеңесінің, еңбеккер әйелдер істері жөніндегі комиссиялардың мүшелеріне «Халық бюджеті» кәсіподақ жобасына қатысуға жол беріледі.
  2. Жобалық ұсыныстар екі кезеңде қарастырылады:

1)        бірінші кезең – жобалық ұсыныстар мен тиісті құжаттаманы қабылдау, мерзіміі – 8 ақпан – 15 наурыз 2021 ж.;

2)        екінші кезең – Комиссия мүшелерімен ұсынылған жобалық ұсыныстарды бағалау, қаржыландыруға мақұлданған жобаларды бекіту, мерзімі – 25 наурыз 2021 ж.;

  1. Кәсіподақтардың «Халық бюджеті» жобасына қатысу үшін жобалық ұсынысты, оның ішінде келесі құжаттарды ұсыну қажет:
  • (№__ Қосымша) __ т. көрсетілген талаптарға сәйкес рәсімделген қатысуға өтінім;
  • жарияланған кәсіподақ жобасын қолдау үшін кәсіподақ ұйымының (кәсіподақ комитетінің) ұсыным хаттары.

Жобалық ұсыныс жарияланған мерзімнен кешіктірілмей және мәлімделген кәсіподақ жобасын іске асыру басталғанға дейін жіберілуі тиіс.

  1. Өтініш электронды және баспа түрінде (пошта арқылы немесе курьер арқылы) беріледі және «Халық бюджеті» кәсіподақ жобасы белгісімен келесі мекен-жайға жіберіледі: Қазақстан Республикасы, Нұр – Сұлтан қаласы, Абай, 38 көшесі, ҚР Кәсіподақтар федерациясы. Электронды пошта мекен-жайы: kense@fprk.kz, orgdepfprk@mail.ru.
  2. Ұсынылған жобалық ұсыныстар мен құжаттама өтінім берушілерге қайтарылмайды.
  3. Белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін жобалық ұсыныстар жобаларды сараптауға жіберілмейді.

 

Кәсіподақ жобаларын сараптау белгілері

  1. Қатысуға жіберілген жобалық ұсыныстарды Комиссия келесі белгілер бойынша бағалайды:
  • кәсіподақ жобасының әлеуметтік және қоғамдық маңызы;
  • өзектілігі, әлеуметтік мәселелерді шешудегі тың тәсілдер;
  • кәсіподақ жобасын іске асырудың ресурстық және кадрлық мүмкіндіктері;
  • кәсіподақ жобасының жүйелілігі, атаулы сипаты;
  • заманауи инновациялық технологияларды, формалар мен әдістерді қолдану;
  • кәсіподақ жобасының іс-шараларының көрсетілген міндеттерге сәйкестігі;
  • болжамды нәтижелердің анықтығы, ұзақ мерзімді жобаның тұрақтылығы мен сәттілігі, кәсіподақ жобасын одан әрі дамыту перспективаларының болуы;
  • кәсіподақ жобасы бюджетінің ұтымдылығы;
  • басқа кәсіподақ ұйымдарымен, ҮЕҰ әріптестік.
  1. Жыл сайын кәсіподақтардың «Халық бюджеті» жобасы аясында 10-ға жуық кәсіподақтардың жобаларына қаржылық қолдау көрсетіледі.

 

Кәсіподақ жобасын енгізуді бақылау

  1. Комиссия бекітілген кәсіподақ жобасының бастамашыл тобымен бірге кәсіподақ жобасының іске асырылуын бақылайды.
  2. Кәсіподақтар жобасын іске асыру барысында Комиссия оны ойдағыдай жүзеге асыру үшін жан-жақты көмек көрсетеді.
  3. Кәсіподақ жобасының бюджеті барлық тараптардың келісімімен «Халықт бюджеті» кәсіподақ жобасының бекітілген мөлшері шегінде өзгертілуі мүмкін.

 

Кәсіподақ жобаларын субсидиялау және есеп беру

  1. Федерация бюджетінен қаржыландырылатын бір жобалық ұсыныстың ұсынылатын құны 1 000 000 (бір миллион) теңгеден аспауы керек.
  2. Федерация бюджетінен қаражат осы Ережеге №__ қосымшаға сәйкес форма бойынша Федерация мен субсидия алушы арасында Федерация бюджетінен қаражат беру туралы келісімді (бұдан әрі – келісім) жасасу және орындау арқылы субсидия түрінде беріледі.
  3. Кәсіподақтардың «Халық бюджеті» жобасы қаражатының мақсатты жұмсалуын бақылауды Федерацияның Тексеру комиссиясы жүзеге асырады.
  4. Кәсіподақтардың «Халық бюджеті» жобасының қаражаты осы ережеде көзделген мақсатқа сәйкес қатаң түрде пайдаланылады. Күрделілік дәрежесіне байланысты жобалық ұсыныстарды орындау мерзімі бір қаржы жылынан аспауы тиіс.
  5. Кәсіподақтардың «Халық бюджеті» жобасын іске асыру аясында алынған қаражат Федерация бюджетіне келесі жағдайларда қайтарылуы тиіс:

– қаражатты ұсыну және пайдалану кезінде кез келген кезеңде жалған ақпарат беру фактісін анықтау;

– мақсатсыз пайдалану;

– қаражат беру кезінде белгіленген өзге де шарттарды бұзу.

  1. Кәсіподақтар жобасын іске асыру аяқталғаннан кейін Комиссия бастамашыл топпен бірлесіп, бақылау нәтижелері туралы есеп жасайды.
  2. «Халық бюджеті» кәсіподақтар жобасын іске асыру туралы есеп Федерацияның Бас кеңесінің қарауына және бекітуіне Федерацияның жылдық бюджетінің атқарылуы туралы есеппен бір мезгілде ұсынылады.