Музейде ашық есік күні өткізілді

Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлері кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының құрамындағы Саяси қуғын-сүргін құрбандарының музейі 31 мамыр – саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай “Ашық есік күні” акциясын өткізді. Ашық есік күні аясында музейге келушілер көп болды.

Сондай-ақ музейде қасиетті Отырар мекені Шәуілдір ауылынан арнайы келген Отырар Мемлекеттік Археологиялық Қорық-музейі ғылыми қызметкерлерімен бірлескен ғылыми тәжірибелік дөңгелек үстел өткізілді. Шара барысында жоғарыда аталған музейдің ғылыми қызметкерлері Сералы Нұрлан мен Сералиев Әли және қалалық Саяси қуғын-сүргін құрбандарының музейінің ғылыми қызметкері Пазылов Ержан баяндама жасады. Музей директорының орынбасары Гүлмира Серікбаева шараның модераторы болды.

Айта кетейік, Шымкент қалалық Саяси қуғын-сүргін құрбандарының музейінде 25 қызметкер жұмыс істейді. Барлығы да кәсіподақ мүшелері.