Кәсіподақтар химия өнеркәсібі қызметкерлері күнімен құттықтады

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы №267 Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы №689 қаулысына сәйкес жыл сайын мамырдың соңғы жексенбісінде химия өнеркәсібі қызметкерлері күні атап өтіледі.

31 мамыр химия өнеркәсібі қызметкерлері күнімен “Павлодарэнерго” энергожүйесі қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы” ҚБ төрағасы Б.К. Төлеубаев “УПНК-ПВ” ЖШС еңбек ұжымын құттықтап, өндірістің үздік озаттарын марапаттау рәсімін өткізді.

“Химия, мұнай химиясы және өнеркәсіптің ұқсас салалары қызметкерлерінің салалық кәсіподағы” ҚБ Кеңесі атқару комитетінің қаулысы бойынша Бас директордың орынбасары Рашит Галинуров “Еңбек ардагері” медалімен марапатталды. “Химия өнеркәсібінің үздік қызметкері” төсбелгісімен “Химия, мұнай-химия және өнеркәсіптің ұқсас салалары қызметкерлерінің салалық кәсіподағы” ҚБ Кеңесі атқару комитетінің қаулысы бойынша №1 Бақылау цехының шебері Людмила Горюнова марапатталды.

“Химия, мұнай химиясы және өнеркәсіптің ұқсас салалары қызметкерлерінің салалық кәсіподағы” ҚБ грамотасымен 5 санаттағы технологиялық қондырғылардың операторы  Ренат Батмаев және цех бастығының орынбасары Ғабит Миндегереев марапатталды.

“УПНК-ПВ” ЖШС қыздырылған мұнай коксын өндіретін отандық зауыт болып табылады. Зауыттағы бастауыш кәсіподақ ұйымы 2020 жылдың тамыз айында құрылды, бұл кейіннен әлеуметтік әріптестік мәселелерін іске асыру үшін негіз болды. Кәсіподақтардың назарында еңбек сіңірген еңбегі салалық және кәсіподақ наградаларымен марапатталған қызметкерлердің мүдделері”, – деп салтанатты марапаттау рәсіміне қатысушыларды “Павлодарэнерго “энергожүйесі қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы” ҚБ төрағасы Б. К. Төлеубаев құттықтады.