«Менің тамаша кереметім» облыстық кәсіподақ байқауы өтті

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Қостанай облысының білім және ғылым ұйымдарының жергілікті кәсіподағы «Менің тамаша кереметім» атты облыстық фотобайқаудың қорытындысын шығарды. Облыстың 12 аймағынан 100-ден астам жұмыс – жергілікті кәсіподақ мүшелері балаларының фотосуреттері келіп түсті.

Байқаудың әділқазылар алқасына жеңімпаздарды таңдау қиынға соқты, жұмыстардың әрқайсысы ең жоғары бағаға лайық. Үздік жұмыстардың авторларына кәсіподақ мадақтамасы және 30 мың теңге көлемінде сыйақы беріледі.