Әрқашан күн сөнбесін!

Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы Шымкент қалалық филиалының құрамындағы “Шымкент қаласының орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесі” КММ-нің бастауыш кәсіподақ ұйымының белсене атсалысуымен «Әрқашан күн сөнбесін» атты 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған өнер байқауы өткізілді.

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына байланысты, Шымкент қаласының 2200 жылдығын негізге ала отырып,1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні мен «2021 – Балалар және жасөспірімдер әдебиеті» жылын атап өту мақсатында ұйымдастырылған байқауға 8-15 жас аралығындағы жас оқырмандар қатысты.

Байқау шарттары бойынша қатысушылар Сурет салу номинациясы аясында Еркін тақырыпта үйде салған суретін алып келді. Сондай-ақ, Бейбітшілік туралы асфальтқа бормен сурет салды. Ал, Көркем сөз оқу бойынша кез-келген ақынның Тәуелсіздік жайлы өлеңін жатқа және мәнерлеп оқыды.

Сайыс қорытындысы бойынша жеңімпаздарға арнайы сыйлықтар табысталды. Сонымен қатар, барша белсенді қатысушылар алғыс хаттармен марапатталды.