«Бір өлең – бір сурет» жас суретшілер байқауы өткізілді

1 маусым -Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Орталық саябақта “Бір өлең-бір сурет” жас суретшілер байқауы өтті. Іс-шараның жоғары деңгейде өтуіне Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы Шымкент қалалық филиалының құрамындағы Шымкент қалалық жасөспірімдер кітапханасының бастауыш кәсіподақ ұйымы белсене ат салысты.

Шымкент қаласының 2200 жылдығына арналған «Бір қала-бір кітап» акциясы аясында «Шымқала – бақыт мекені» тақырыбында «Бір өлең – бір сурет» жас суретшілер байқауы өткізілді. Жеңімпаздар арнайы грамоталар және сыйлықтармен марапатталды.

Талантты балалар орындаған ән-күй, әсем билер көрермендерге ерекше мерекелік көңіл-күй сыйлады. «Айгөлек» би тобының әдемі әсем биімен бастау алған іс-шарада аниматорлар қойылымы, ертегілер кейіпкерлері Алдар көсе, Тазша бала бейнесін бүлдіршіндер таң-тамаша етті. «Балалар әдебиеті» тақырыбындағы викторина да балалар зеректігін танытып, олар оқыған өлеңдер ерекше шабыт сыйлады.