Шымкентте 30 бүлдіршіннің тұсауы кесілді

Шымкент қаласында 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған мерекелік іс-шарада балалар үйіндегі 30 бүлдіршіннің тұсауы кесілді.

Тұсауы кесілген балалардың қатарында “Senim” салалық денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің кәсіподағы құрамындағы Мамандандырылған бөбектер үйінің тәрбиеленушілері де болды.

1-3 жас аралығындағы балалардың тұсауын қала әкімі М.Әйтенов, мәслихат хатшысы Б.Нарымбетов, Шымкент қаласының құрметті азаматы Ө.Мелдеханов, қаланың бас имамы Бақдәулет Нұрматұлы, «Түркістан» сарайының директоры С.Майғазиев пен қолөнер шебері Болат Бейісбеков, Опера және балет театрының директоры Майра Мұхамедқызы, «Шаншар» әзіл-сықақ театрының директоры У.Әбдірайымов, айтыскер ақын А.Леубаева сынды елге сыйлы, белгілі азаматтар кесті.

Тұсаукесер рәсімінен соң қатысушылар балаларға ақ жол тілеп, ақ баталарын берді.

Балалар күніне орай ұйымдастырылған шарада «Жеті қазына» атты интеллектуалды ойын-сауық ұйымдастырылды.