Павлодар облысының кәсіподақтары “Балалар еңбегін пайдалануға қарсы күрестің 12 күні” Ұлттық ақпараттық науқаны шеңберінде еңбек заңнамасын түсіндіруге қатысты

2021 жылғы 4 маусымда “Балалар еңбегін пайдалануға қарсы күрестің 12 күні” Ұлттық ақпараттық науқаны шеңберінде Павлодар облысы кәсіподақтарының аумақтық бірлестігінің құқықтық мәселелер жөніндегі бас маманы Д. Р. Қайырбек және “Павлодарпрофсервис” ЖШС директоры И. Д. Испулова, жұмыс тобының құрамында шағын және орта бизнес кәсіпорындарына: “Мойдодыр” Автожуу, “Шығыс асханасы” қоғамдық тамақтану кәсіпорны, “Umma” қоғамдық тамақтану кәсіпорын мейрамханасы, “Веранда” қоғамдық тамақтану кәсіпорны, “Batyr mаll”сауда-ойын-сауық орталығына барып рейдтік іс – шараларға қатысты.

Кәсіпорындарға барған кезде кәсіподақ өкілдері он алты жасқа толған азаматтарды тіркеу кезінде еңбек заңнамасын сақтау қажеттілігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді: еңбек шартын жасасу, жұмысқа қабылдауды ресімдеу, жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығын белгілеу, түнгі және үстеме жұмыстарға тартуға тыйым салу, дуальды оқытудың ерекшеліктері, жеке еңбек дауларын шешу тәртібі.

Еңбек қатынастарына қатысушыларға консультациялық көмек және құқықтық қолдау көрсету үшін кәсіподақ өкілдері балалар еңбегін пайдалану жөніндегі еңбек заңнамасының нормалары туралы Түсіндірмені және Павлодар облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің сенім телефоны туралы мәліметтерді қамтитын ақпараттық парақшалар табыс етті, оған әрбір ұйымның қызметкері кедергісіз 87088614656 номері арқылы жүгіне алады.