«Қызмет» салалық кәсіподағының құрамы толығуда

«Қызмет» салалық кәсіподағының Ақтөбе облыстық филиалының төрайымы Сағындықова Мухтарита «Ақтөбе» қалалық жұмыспен қамтуды уйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-нің «Мүгедектерге әлеуметтік жәрдем орталығы» КММ қызметкерлермен кездесті.

Кездесу барысында филиал төрайымы кәсіподақтар қозғалысы жөнінде ақпарат беріп, кәсіподақ мүшелігінің басты басымдықтарына тоқталды. Салалық Жарғымен таныстырды. Өз кезегінде қызметкерлер кәсіподақ жұмысына қатысты қызықтырған сұрақтарына жауап ала алды. Кездесу нәтижесінде ұйымда бастауыш кәсіподақ ұйымы ашылып, оған 28 адам кәсіподақ мүшелігіне кірді.

Кәсіподақ комитетінің төрағасы боп бірауыздан мекеменің кадр маманы Сатканова Арайлым Алтынбекқызы сайланды.