«SENIM» денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» РҚБ төрағасы Сапарбек Дүйсеновтің қолдауымен республиканың барлық аймақтарында спорттық турнирлер ұйымдастырылды.
Қостанай облыстық филиалы шағын футболдан турнир өткізді, өйткені, бұл – күш, ептілік, жылдамдық, командада жұмыс істеу дағдыларын және тактикалық мәселелерді шешуге қабілеттілік танытуға тамаша мүмкіндік! Медициналық ұйымдар бұл идеяны белсенді қолдады.
Медицина қызметкері күні қарсаңында Қостанай облысының медициналық ұйымдары арасында шағын футболдан турнир өтті. «Затоболец» стадионына 14 команда келді.
Командалардың көңіл-күйі мен жеңіске деген ынтасы жарасып, турнир қызықты өтті. Ойын өте эмоционалды болды. Барлығы да жеңімпаз атануға тырысты. Жеңімпаздарға берілетін дәстүрлі кубоктардан бөлек, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың «Жеңіс үшін!», ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталиннің «BIZ BIRGEMIZ!», «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ төрағасы Сапарбек Дүйсеновтің «Сәттілік» деген тілектері мен қолтаңбалары жазылған футбол добы табыс етілді.
Жеңімпаздарға осы допты Қостанай облысына келген Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Екатерина Смышляева табыстады.
Медицина қызметкері күніне арналған Қостанай облысының медициналық ұйымдары арасындағы футбол турнирінің жеңімпаздарына келер болсақ, 1 орынды – «Қостанай қалалық онкологиялық көпбейінді ауруханасы» КМК, 2 орынды – «Рудный қалалық көпбейінді ауруханасы» КМК, 3 орынды – «Қостанай облыстық ауруханасы» КМК иеленді.
Дене шынықтыру және спорт – денсаулыққа апаратын жол, бәрі де жеңіске жетеді, жеңілгендер болмайды.