Ольга Вершинина «YNTYMAQ» шағын және орта бизнес жұмыскерлерінің Қазақстандық салалық кәсіптік одағының Қарағанды облыстық филиалының «Теплотранзит Караганда» ЖШС бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы болып табылады. 2007 жылдан бастап 2016 жылға дейін ол бастауыш кәсіподақ ұйымы төрағасының орынбасары қызметін атқарды, ал 2017 жылдан бастап негізгі жұмысынан босатылмаған, өз қатарында 500-ден астам кәсіподақ мүшелерін біріктіретін, кәсіподақ комитетінің төрайымы болып сайланды,
Ольга Викторовна өз жұмыс жолын 1997 жылы 1-ЖЭО-да бастады, содан кейін «Жылу энергетикасы» мамандығы бойынша «Караганда-Пауэр» ЖШС Қарағанды жылу желілерінде сорғы станциясының машинисі болып жұмыс істеді. Қазіргі уақытта «Теплотранзит Караганда» ЖШС пайдалану ауданының инженері.
Кәсіподақ ұйымының төрайымы өндірістегі заманауи жетістіктерді үнемі зерттеп, қолданады, жұмыс тәжірибесіне жаңа өзгерістер енгізуде. Өзінің лауазымдық міндеттерін жауапкершілікпен орындай отырып, ол кәсіподақтық үлкен көлемді жұмысты қоса атқарып жүреді, кәсіподақ қызметіне жан-тәнімен қарайды, қызметкерлерді қолдау және олардың еңбек құқықтарын қорғап, қойылған мақсатқа жету үшін тез шешім қабылдай алады.
Кәсіподақ көшбасшысы ұжымда тілектестік пен еңбекке деген қызығушылық атмосферасын қолдайды. Әлеуметтік әріптестіктің негізгі қағидаттарын іске асыру, еңбек заңнамасының сақталуын бақылау, еңбекті қорғау кәсіподақ комитеті қызметінің ажырамас бөлігі болып табылады.
Ұжымда барлығы кәсіподақтың қатысуымен және оның пікірін ескере отырып жасалады, бұл «Теплотранзит Караганда» ЖШС Бас директоры Әлішер Ибрагимов пен бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Ольга Вершининаның әлеуметтік әріптестігінің, тепе-тең өкілдігінің және жұмыс берушінің кәсібилігінің нәтижесі болып табылады.
Ұжымдық шарттың талаптары арқылы Тараптардың міндеттемелері мен құқықтары, еңбек жағдайларын, еңбекке ақы төлеуді, жұмыс уақыты мен тынығу уақытының режимдерін белгілейтін нормативтік ережелер, сондай-ақ қолданылып жүрген заңдармен салыстырғанда қызметкерлер үшін қосымша жеңілдіктер мен артықшылықтар қамтамасыз етіледі:
– мереке және демалыс күндеріндегі жұмыс үшін ақы төлеу екі есе мөлшерде жүргізіледі;
– үздіксіз жұмыс өтілі үшін қызметкерлерге 5 күнтізбелік күнге дейін қосымша ақылы демалыс күндері беріледі;
-мәдени-бұқаралық және спорттық-сауықтыру іс-шараларын өткізуге жұмыс беруші нақты еңбекақы төлеу қорының 0,4% аударады.
– кәсіподақ ұйым мүшелеріне санаторийлік және балаларды сауықтыру жолдамаларының құнын 50% – ға дейін өтейді.
Өндірісте жас жұмысшылар мен мамандарды орнықтыру мақсатында кәсіподақпен бірлесіп кадрлық әлеует пен тәлімгерлікті дамыту, жастардың тағылымдамасын, бейімделуін және кәсіби өсуін қамтамасыз ету стратегиясы әзірленді және іске асырылуда.
Кәсіподақ қозғалысына қосқан жеке үлесі үшін Ольга Вершининаның еңбегі кәсіподақ наградаларымен және алғыстарымен атап өтілген.
«Теплотранзит Караганда» ЖШС бастауыш кәсіподақ ұйымы еңбек адамының мүддесі үшін әлеуметтік серіктестікте алға дамуда!