Медицина қызметкерлері – бүгінгі батырлар

Кішкентай балалардың ата-анасын бүлдіршіндерінің денсаулығы қашан да алаңдатады, олар балалар дәрігерінің көмегіне жүгінеді. Дәрігер әртүрлі сырқаттарға диагноз қоюмен және оларды емдеумен айналысады.

Бала ойдағыдай дамып-жетілуі үшін оның тек физикалық денсаулығы туралы ғана емес, сондай-ақ , баланың өмірге келе салғаннан бастап, алғашқы күннен-ақ қарым-қатынасқа мұқтаж екенін есте сақтау қажет.

Реабилитолог дәрігер – балаңыздың даму деңгейін бағалай алады, есту және көру қабілетін тексереді, қандай да бір медициналық мәселелер болған жағдайда – шешіп беруге тырысады, баламен қалай айналысу керек және қарым-қатынас құру керек, қандай ойыншықтар қолдану керек туралы кеңес береді. Реабилитолог-дәрігер, сондай-ақ, қимыл-қозғалыс дамуында қиындықтары бар балалармен де жұмыс жасайды, баланың қимыл-әрекеттері неге ерекше екенін немесе бала өз құрдастары үйреніп алғанын меңгере алмағанын түсінуге көмектеседі, баланың қимыл-қозғалысын дұрыс дамытуға ықпал тигізеді. қолғабыс ететін ойындар таңдап береді.

Осындай мамандықтың иесі, Жамбыл облыстық оңалту орталығының балаларды емдеу бөлімінің меңгерушісі, жоғары санатты реабилитолог дәрігер – Құлұмбаева Ақмарал Шымкентбайқызы. Ол 1971 жылы 5 қазанда Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. 1991-1997 жылдары Ақмола мемлекеттік медицина институтын «Бала дәрігері» мамандығы бойынша оқып бітірген. 1997-1998 жылдары Жамбыл облыстық балалар ауруханасында интернатурадан өткен. 1998-2011 жылдары Жалпақ төбе ауылында бала дәрігері болып жұмыс істеген. 2011-2017 жылдар аралығында Жамбыл аудандық орталық ауруханасында ауылында бала дәрігері қызметін атқарған. 2017 жылдан бастап Жамбыл облыстық оңалту орталығында педиатр дәрігері, 2019 жылдан бері балаларды емдеу бөлімінің меңгерушісі қызметін атқаруда. Құлұмбаева Ақмарал – жұмысында білікті маман, үйде күміс алқалы аяулы ана. Өзінің жылдамдылығымен, жауаптылығымен ерекше көзге түскен ақ халатты абзал жан.