24 сәуірде «Үлес» орталығында дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне орай Маңғыстау облысының кәсіподақтар орталығы қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен дөңгелек үстел өткізді.
Аталмыш іс-шарада Маңғыстау облысында жұмыстан шыққан қызметкерлерді қайта даярлап жұмысқа орналастыру және еңбек қауіпсіздігі мәселелері қарастырылды.