Бүгін Қызылордада облыс әкімі Г.Әбдіқалықова төрағалығымен өңірлік жедел штаб отырысы өтті. Жиында облыстағы әлеуметтік шиеленістің өсуін болдырмау жөніндегі шаралар талқыланды. Штаб отырысында қаралған еңбек қатынастары туралы мәселесі бойынша аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының міндетін атқарушы Марат Бәйімбетов «Қуат Амлон Мұнай» біріккен кәсіпорынындағы, «CNEK» және «Тұзкөл Мұнай Газ Оперейтинг» серіктестеріндегі еңбек жағдайы мәселелерінің өзектілігіне назар аудартып, ұсыныс-пікірлерін білдірді.
Жедел штабта сонымен қатар ауыл шаруашылығы саласындағы жер қатынастары мәселесі, әлеуметтік осал топтар өкілдерінің мәселелері, Сырдария өзеніндегі су тапшылығына байланысты жағдай қаралды. Күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша облыс әкімі Г.Әбдіқалықова сала бойынша тиісті орынбасарларына тапсырмалар беріп, олардың орындалуы қатаң бақылауда ұсталатындығын жеткізді.