22 маусым – Ұлы Отан соғысы басталған күн

Осыдан тура 80 жыл бұрын фашистік Германия Кеңес Одағына соғыс ашты. Дәлірек айтсақ, маусымның 22-сі, шамамен таңғы 4-те неміс әскері батыс шекараға басып кірді. Төрт жылдық қан майданда кеңес үкіметі 27 миллион адамынан айырылды.

Бүгін Отан үшін от кешкен жауынгерлерді еске алу мақсатында “Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы” аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің жанындағы «Келешек» жастары “Абай саябағына” жиналып, ескерткішке гүл шоқтарын қойды.

Ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсімінен соң, жастар сол сұрапыл соғыста қаза тапқан миллиондаған құрбанды бір минут үнсіздікпен еске алып, рухтарына тағзым етті.