Ойыл ауданының педагогтары да жазғы каникулды пайдалы өткізуде.
Бүгінгі күні аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының жолдамасымен 22 мұғалім «Сарыағаш» шипажайында демалып жатыр. Шілде айында тағы бір ұстаздар легі шипажайда тынығып, денсаулықтарын нығайтып қайтпақшы.
Емдеу-сауықтыру шараларынан білім беру мекемелерінде жұмыс істейтін кіші қызметкерлер де тыс қалмады. Білім кәсіподағы 10 адамға облыс орталығындағы «Юкон» шипажайына жолдама ұсынды.