Кәсіподақ ардагері әлеуметтік саланы дамыту бойынша өз ойымен бөлісті

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында және өңірлерде бағдарламаны жүзеге асыруды ілгерілету мақсатында Қарағанды облысы бойынша 2021 жылға арналған «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленді және бекітілді.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Тұлғалық даму» және «Еңбек – елдің мұраты» (ұлттық мәдениетті білу, прагматизм, бәсекеге қабілеттілік, ашық сана) бағыттары бойынша өңірлік іс – шаралар 2021 жылғы 17 маусымда облыстың Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында жас мамандардың Қарағанды облысының халықты әлеуметтік қорғау саласындағы еңбек ардагері, Мемлекеттік және азаматтық қызметшілер жергілікті кәсіподағының төрайымы Татьяна Пурясевамен кездесуінде қаралды.
Татьяна Михайловна жастардың тәлімгері ретінде өзінің еңбек қызметі туралы айтып, өзінің өмірбаянымен таныстырды. Қатысушылар сұрақтар қойып, әлеуметтік саланы дамыту бойынша өз ойларымен бөлісті.

Кездесу жас мамандардың еңбек нәтижелеріне және олардың әлеуметтік жұмыста кәсіби маман ретінде қалыптасуына, адамдарға қажетті уақытта қолдау көрсетуге оң әсер етеді деп үміттенеміз.