Павлодар облысының мемлекеттік қызметшілерін салалық және жергілікті “Қызмет” кәсіподағы құттықтады

23 маусым – Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілер күні, әлемнің барлық мемлекеттік қызметшілерінің бірыңғай кәсіби мерекесі. Мемлекеттік қызмет бүкіл мемлекеттік жүйенің маңызды элементі болып табылады. Мемлекеттік қызметшінің жұмысы білімнің жоғары деңгейін, шыдамдылықты, патриотизмді, заңдылықты мүлтіксіз сақтауды талап етеді. Адамдардың өмір сүру деңгейі және Мемлекеттік бағдарламалар мен жобалардың нақты іске асырылуы мемлекеттік қызметші жұмысының сапасына байланысты.

“Павлодар облысының мемлекеттік, банк мекемелері мен қоғамдық қызмет көрсету ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы” ҚБ мемлекеттік қызметшілерді қолдау және оларды әлеуметтік қорғау бойынша үлкен міндеттерді шешеді.

Мереке күні “Қызмет” мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы” ҚБ Павлодар облыстық филиалының төрағасы Б.А. Қапенов кәсіподақтың белсенді мүшелері – Павлодар облысы мекемелерінің мемлекеттік қызметшілерін Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілер күнімен құттықтады.

Мемлекеттік қызметшілердің қызметі “Қызмет “Мемлекеттік, банк мекемелері мен қоғамдық қызмет көрсету салалық кәсіподағы” ҚБ-мен аталып өтілді: “Мемлекеттік қызметшілер кәсіподағының үздігі” төсбелгісімен “Успен аудандық мәслихатының аппараты” КММ аппарат басшысы Динара Әсемғазықызы Байханова марапатталды. Шарбақты ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі КММ басшысы Бақыт Жантасұлы Смақов, Павлодар облысы әкімі аппаратының азаматтардың өтініштерін қарауды бақылау бөлімінің басшысы Наталья Владимировна Нефедова, Ауыл бойынша бас маман, Мичурин ауылдық округінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Бақжан Слямқызы Тоқпаева, “Павлодар облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы “ММ басшысының орынбасары Гүлнар Әлімқызы Камалова құрмет грамоталарымен марапатталды. Алғыс хаттармен “Павлодар облысының қаржы басқармасы” ММ экономиканың нақты секторын мониторингілеу және қаржыландыру бөлімінің басшысы – Асем Даниял Алдажарова, “Павлодар қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі” ММ бөлім басшысының орынбасары – Марат Тоқмағанбетұлы Қожахметов, “Павлодар қаласы әкімінің аппараты” ММ персоналды басқару қызметінің басшысы – Дидар Балтабайқызы Сыздықова, “Павлодар қаласы әкімінің аппараты” ММ әкімінің кеңесшісі-Найля Әнуарбекқызы Ахметова марапатталды.