«Қарағанды облысының Ауыл шаруашылығы, қайта өңдеу ұйымдары мен мемлекеттік мекемелері қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы» ҚБ кәсіби мерекелер – Мемлекеттік қызметшілер күні мен Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күніне орай кәсіподақтың бірқатар үздік мүшелерін марапаттады.
Карантиндік шаралардың күшеюіне және жергілікті жерлерде, өңірлерде мерекелік іс-шаралардың өткізілуіне тыйым салуына байланысты көптеген марапат иелерін жұмыс орындарында – аудандық және ауылдық мекемелерде құттықтады.
Бүгін Қарағанды облысының Кәсіподақтар үйінде санитарлық нормаларды сақтай отырып және марапатталушылар саны 1-2 адамнан аспайтын құттықтау іс-шарасы ұйымдастырылды. Қатысушыларды «Қарағанды облысының Ауыл шаруашылығы, қайта өңдеу ұйымдары және мемлекеттік мекемелері қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы» ҚБ төрайымы Кеңескүл Рахымжанова және Қарағанды облысының Кәсіподақтар орталығы төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы жанындағы еңбекші әйелдер істері жөніндегі комиссияның тең төрағасы Татьяна Шатохина құттықтап, сөз сөйледі.
«Ауыл шаруашылығы министрлігі жанындағы Ардагерлер ұйымы» ҚБ атынан «Құрмет ардагері» төсбелгісімен Нұра аудандық газетінің ардагер-журналисті, Қазақстан Республикасы Журналистер одағының мүшесі, Қарағанды облысы әкімінің «Алтын Сұңқар» сыйлығының «Ауыл» номинациясы бойынша лауреаты Бикен Ахметова марапатталды.
«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» ҚБ II дәрежелі «Еңбек даңқы» төсбелгісімен Қарағанды облысы Бұқар Жырау ауданы Қарақұдық ауылдық округінің әкімі Орынбала Дүйсембаева марапатталды.
Салтанатты кәсіподақ кездесуі еліміздің мемлекеттік мерекесі – Астана күні қарсаңында өтті.