Кәсіподақ мүшелері “Тәуелсіздік тұлғалары” байқауының жеңімпаздары болды

2021 жылғы 2 шілдеде Достық үйінде Павлодар облысы әкімінің орынбасары А.Құрманованың қатысуымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған “Тәуелсіздік тұлғалары” облыстық байқауының жеңімпаздары марапатталды.

Павлодар облыстық онкологиялық диспансерінің химиотерапия бөлімшесінің меңгерушісі Еркін Дүйсенбинов және Павлодар облыстық ауруханасының травматология-ортопедия бөлімшесінің травматолог-ортопед дәрігері Даниат Байдәулетов Денсаулық сақтау өкілдері арасындағы облыстық конкурстың жеңімпаздары атанды.

Еркін Дүйсенбинов 2010 жылдан бастап Павлодар облыстық онкологиялық диспансерінде, 2018 жылдан бастап химиотерапия бөлімшесінің меңгерушісі лауазымында жұмыс істейді.

Жыл сайын химиотерапия бөлімшесінде оның тікелей бақылауымен 1500-ден астам пациент мамандандырылған химиотерапиялық стационарлық ем алады, шамамен 1000-нан астам пациент онкодиспансердің күндізгі стационарында химиотерапия алады.

Оның басшылығымен онкологиялық науқастарды химиотерапиялық емдеудің жаңа әдістері мен схемалары енгізілуде, емдеудің қолданылатын химиотерапиялық әдістері жетілдірілуде. Өз жұмысында қатерлі ісіктердің түрлерін анықтау кезінде диагностика мен емдеудің заманауи әдістерін қолданады. Әртүрлі жерлердегі ісіктерді емдеудің заманауи химиотерапиялық және таргенттік әдістерін енгізумен және жүргізумен айналысады.

Облыстық байқаудың екінші жеңімпазы – травматолог-ортопед дәрігер Даниат Байдәулетов медициналық академияны бітіргеннен кейін, 2006 жылдан бастап өзінің еңбек жолын Павлодар облыстық ауруханасының травматология-ортопедия бөлімшесінің травматолог-ортопед дәрігері болып бастады.

Д.Байдәулетовтың тікелей қатысуымен травматология-ортопедия бөлімшесінде жоғары мамандандырылған медициналық көмек күнделікті тәжірибеге  енгізілді. Соңғы жылдары бірлескен жарақат мәселесіне, тірек-қимыл аппаратының зақымдануы мен ауруларындағы веноздық тромбоэмболиялық асқынулардың алдын алуға ерекше назар аударылады. Д.Байдәулетовтың жұмысында жамбас және тізе буындарын эндопротездеу бойынша операциялар, жоғарғы және төменгі аяқтардың ұзын құбырлы сүйектерінің сынуы кезінде остеосинтезді бұғаттайтын операцияларды кең тәжірибеге енгізу ерекше орын алған.  Жыл сайын Д.Байдәулетов 400-ге жуық осындай операцияларды жүргізеді. Оның толық кәсібилігі, дәрігерлік борышқа деген адалдығы, жоғары адами қасиеттері COVID-19 коронавирус пандемиясы кезеңінде көрінді, 2020 жылғы 1 шілдеде оның тікелей қатысуымен Павлодарда 250 төсектік “Баянтау” провизорлық стационары ашылды және табысты жұмыс істеді.

Павлодар облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігі және “SENIM” Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы” РҚБ Павлодар облыстық филиалы Еркін  Дүйсенбиновты және Даниат Байдәулетовті “Тәуелсіздік тұлғалары” облыстық конкурсындағы жеңісімен құттықтайды, мықты денсаулық пен бақ-береке тілейді.