Ақтөбе облыстық кәсіподақтар орталығының төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Алтынбек Әмірғалиев қала тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Азаматтардың дені жұмысқа орналасу, тұрғын үй жайын жақсарту, әлеуметтік көмек т.б. мәселелері мен көкейіндегі сауалдарын жеткізді. Мәселен, көпбалалы анаға жұмысқа орналасуға көмек көрсетілді. Ал, екінші анаға баласын емдетуге көмек беру жайы шешілуде.