Пандемия кезінде иммунитетті көтеріп, санаторийлік ем қабылдау аса маңызды.
Осыны ескерген Хромтау аудандық білім қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы ауданның тәжірибелі, үздік ұстаздарына емдеу-сауықтыру орталығына жолдама ұсынған еді.
Жуырда 22 кәсіподақ мүшесі Ақтөбе өңіріндегі «Шипагер» шипажайында демалып келді. Денсаулықтарын түзеп, көтеріңкі көңіл-күймен оралды.