Кәсіподақ мұғалімдерге қолдау жасауда

Ырғыз аудандық білім қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы аудан педагогтарына қолдау көрсетіп, бір топ ұстазға емдеу-сауықтыру орталығына жолдама берген болатын.

Жуырда аудан мұғалімдері Көкше өңіріндегі “Щучинск” шипажайында демалып келді.

«Осындай демалыстың бұйырғаны көңілімізге қуаныш ұялатты. Денсаулығымызды нығайтып, еліміздің ең әдемі курортты аймағында тынығып, сергіп қайттық. Ұстаздарға деген ерекше қамқорлықты, мұғалім мәртебесінің расымен артқанын сезіндік»,- дейді Ырғыз ауданының педагогтары.