Қарағанды облысының өңірлік кәсіподақтар басшылары Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшесі, туған өңіріне іс-сапармен келген Юрий Жулинге онлайн форматта еңбек ұжымдарының мүшелерін толғандыратын сұрақтарды қойды.
Мәжіліс өкілі заң шығару жұмысы, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы саласында қабылданған жаңашылдықтар, қашықтықтан жұмыс істеуде құқықтық реттеуді жетілдіру туралы егжей-тегжейлі айтып берді.
Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы Қарағанды облысы Кәсіподақтан орталығының төрағасы Болат Жұмабеков онлайн-кездесудің модераторы болды. Өңірдің кәсіподақтары көтерген маңызды мәселелерге, атап айтқанда, зиянды және қауіпті өндірістерде жұмыс істейтіндер үшін жағдайды жақсарту қажеттілігі, адамдарға лайықты жалақы деңгейі және т.б. мәселелерге назар аударды.
«Қорғау» көміршілер кәсіподағының төрағасы, Шахтинск қалалық мәслихатының депутаты Евгений Буслаев кеншілердің зейнеткерлік жасын төмендету бойынша көмір өнеркәсібінің бастапқы кәсіподақ ұйымдарынан ұсыныс енгізді. Осы кәсіподақтың ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі Марат Имаш жалдамалы еңбек саласындағы кейбір мәселелерді одан әрі құқықтық реттеу бойынша жұмысты жалғастыруды ұсынды, Жезқазған өңірінің Білім және ғылым қызметкерлері жергілікті кәсіподағының төрағасы Марат Қоңырбаев ауылдық жерлерде жұмыс істейтін мұғалімдерді сатып алынған қатты отын үшін әділ өтемақы мәселесіне материалдық қолдау көрсету қажеттігіне назар аударды.
«SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлері кәсіподағының Қарағанды облыстық филиалы төрағасының орынбасары Сұлтан Медеубаев негізгі лауазымдық жалақыны қолдана отырып, еңбекақы төлеу жүйесінің өзгеруі туралы сұрақ қойды. Кездесуге қатысушылар еңбек қатынастарының заңнамалық негізін дамытудың негізгі бағыттары бойынша пікір алмасты.
Юрий Жулин өмірлік маңызды мәселелер бойынша түсініктемелер беріп, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы өкілдерінің қатысуымен жұмыс топтарында бірлесіп шешу жолдарын егжей-тегжейлі зерделеу және іздеу үшін бірқатар мәселелерді өзіне түртіп алды. Кездесуге «Nur Otan» партиясының Қарағанды қалалық филиалының төрайымы, Қарағанды облыстық мәслихатының депутаты Юлия Бадина қатысты.