Қызылорда облыстық Кәсіподақ орталығының жаңа төрағасы сайланды

ҚР Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары, «Қазақстандық мұнай-газ кешенінің салалық кәсіптік одағы» ҚБ төрағасы Сұлтан Қалиев  Қызылорда облысына жұмыс сапарымен келді.

Сапар барысында ол аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің жаңа төрағасын таныстырып, жұмысына сәттілік тіледі.

ҚР Кәсіподақтар федерациясының Атқару комитетінің  2021 жылғы 30 маусымдағы қаулысымен «Қызылорда облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы болып Мақсұт Ыбрайханұлы Нәлібаев сайланды.

Мақсұт Ыбрайханұлы Нәлібаев 1961 жылы 21 қаңтарда Қызылорда облысы Шиелі ауданында дүниеге келген. 1987-2007 жылдары Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдарында және қаржы полициясында, 2007-2011 жылдары ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша аумақтық басқарма басшысы, тәртіптік кеңес төрағасы, 2011-2019 жылдары экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің басшысы, 2019 жылдан бастап Қызылорда облысы әкімінің кеңесшісі қызметін атқарған. Қызылорда облыстық мәслихатының VIІ шақырылымының депутаты.