«Әділет» Кәсіподағы мен Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы бірлесіп Нұр-Сұлтан қаласының білім беру жүйесінің ардагерлер кеңесі туралы ережені бекітті.
Ардагерлер кеңесі елордалық білім беру жүйесінің ардагерлерінің қызметін үйлестіру үшін құрылды.
«Кеңестің мақсаты – ардагерлермен жұмысты жандандыру, оларды әлеуметтік қолдау, жастарды тәрбиелеуде, педагогикалық дәстүрлерді сақтау мен дамытуда білім беру жүйесінің ардагерлерінің рөлін арттыру»-дейді «Әділет» Кәсіподағының төрағасы Батыр Әлиев.
Кеңес құрамына жалпы орта, мектепке дейінгі, қосымша білім беру, кәсіптік-техникалық білім беру мекемелерінің қызметкерлері, зейнетке шыққан және қазіргі уақытта Нұр-Сұлтан қаласының аумағында тұратын қызметкерлер кіре алады.
Сондай-ақ Басқармаға бағынысты білім беру ұйымдарында Кеңестің құрылымдық бөлімшесі болып табылатын ардагерлер кеңесі құрыла алады.
Нұр-Сұлтан қаласының білім беру жүйесінің ардагерлер кеңесі туралы ережемен «Әділет» Кәсіподағының сайты арқылы (profadilet.kz), сондай-ақ білім беру мекемелеріндегі кәсіподақ комитеттері арқылы танысуға болады.